Митинг бостандығы құқығына Конституция кепілдік берген - Зарема Шәукенова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Митингілер бостандығы құқығына біздің азаматтарымызға Конституциямен кепілдік берілген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2019 жылдың маусым айының ортасында Мемлекет басшысы жиындарды, митингілерді, демонстрацияларды өткізу рәсімін жаңа заңнамалық ресімдеу қажет ететіндігіне назар аударды. Соңғы жылдары қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі заманауи Қазақстан 1995 жылғы митингілер туралы Заң нормасынан айтарлықтай өскенін көрсетті. Ел өзгерді, біздің азаматтарымызды толғандыратын мәселелер өзгерді, демократия мен оның көпшілік алдында көрініс беру мәдениеті өзгерді. Президент тапсырма бергеннен кейін, уақыт өте жаңа заң жобасы ҚР Сенатында қарастыруда.
«Заң жобасын бағалау кезінде не маңызды? Екі сәтті бөлуге болады. Біріншіден, талқылау процесіне қоғамдық ұйымдар мен қайраткерлерді кеңінен тартуды көздейтін оны әзірлеу рәсімі. Екіншіден, Заң қолданысына түсетін бұқаралық іс-шараларды дайындау және өткізу процесінде атқарушы биліктің рөлін түбегейлі басқаша түсіну. Өткен жылдың жаз-күз айларында қоғамдық пікірлерде мемлекеттің қоғам ұстанымын тыңдап, шынымен де жаңа құжатты жасай алатыны туралы сыни пікірлер айтылатыны бәрімізге белгілі. Бірақ бүгін біз көпшілік айтқан ұсыныстардың ешқайсысы назардан тыс және талқыланбай қалмағанын көріп отырмыз. Мәселен, заң жобасын жасау үдерісінде үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары қатысты. Дәл солар ұсынған Заң жобасының редакциясы Сенатта талқыланатын құжаттың негізіне кірді. Сарапшылар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері өз пікірлерін білдірді. Жаңа заңды әзірлеу процесінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ерекше рөл атқарды. Әзірлеу жұмыстарының соңында заң жобасының мәтінімен азаматтарды таныстыру және олардың ұсыныстарын жинау үшін «Ашық НҚА» порталына жүктелді», -дейді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
Осындай көп деңгейлі талқылаудың нәтижесі заң жобасының мәтінінде рәсімдердің одан әрі ырықтандырылуына бағытталған ережелердің өзгеруі орын алды. Мәселен, ескерту қағидатына сәйкес өтетін митингке қатысушылардың санына қатысты квота алынып тасталды. Бұл сұрақ ең көп талқыланған мәселелердің бірі болды.
«Қатысушылар санын қалай санау керек? Егер бастапқыда жоспарланған қатысушылар саны іс-шара барысында көбейсе, не істеу керек? Биліктің шешімі бойынша митингтің тоқтатылуы үшін қатысушылар саны қаншалықты асып кетуі керек? Квотаның көлемі - 250 қатысушыға байланысты жеке сұрақтар туындады. Бүгін біз митингтерге қатысушылардың санын шектеу туралы мәселе заң жобасының мәтінінен алынып тасталғанын көріп отырмыз. Митинг өткізуге өтініш беру рәсімдері едәуір жеңілдетілді және әсіресе маңызды болып табылатын жоспарланған іс-шаралар туралы ескерту және атқарушы билік органдарының өтінімді қарау мерзімдері айтарлықтай қысқарды. Осылайша ескерту мерзімдері 15 күннен 5 күнге дейін, оның ішінде атқарушы билік жауап қайтару хабарлама 10 күннен 3 күнге қысқартылды», - дейді Зарема Шәукенова.
Митинг өткізу орындарын анықтау тәсілдері өзгерді. Пикеттер заң нормаларымен тыйым салынбаған кез келген жерде өткізілуі мүмкін. Митингтер қаланың немесе ауылдың орталық аудандарында өткізіледі. Бұл ретте азаматтардың жаппай жиналыстарын өткізуге арналған орындарды өкілді билік органдары – мәслихат белгілейді.
«Заң жобасы митингілер мен бейбіт жиындар құқығы – бұл екі жақты қозғалысы бар көше екенін мойындайды. Митингке қатысушылар мен ұйымдастырушылар қазақстандық заңнаманың сақталуына жауапты және митингіге қатыспайтын азаматтардың құқықтарын құрметтеуге тиіс. Жаңа заңның тағы бір маңызды жетістігі - журналистердің жұмысын ұйымдастыру тәсілдерінің өзгеруі болды. Қоғам өкілдері мен сарапшылар бірқатар заңдардағы журналистердің жұмысын ұйымдастыру нормаларының қайталануына, сондай-ақ митинг туралы заңда журналистердің міндеттері құқықтардан төрт есе көп екендігіне бірнеше рет назар аударды», - деп түйіндеді сөзін саясаттанушы.
Айта кетейік, заң жобасын талқылау барысында Мәжілісте журналистердің қызметін шектейтін тыйымдар мен міндеттерді мәтіннен толық алып тастау туралы шешім қабылданды.