Митрополит Александр қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Митрополит Александр қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

«Рождество мейрамы кезінде біз Құдайдан бейбітшілік, отбасылармызда, жақын адамдар мен бейтаныс жандар, түрлі дін өкілдерімен арада бірлікті сұраймыз, қайғырғанға  жұбаныш және қайырымды жандарға шабыт тілейміз.

Мереке кезінде сыйлық алып қана қоймай, өзгелерге де оны сыйлау қажет. Ең үлкен сый нақты қайырымдылық жасау», - деді құттықтау сөзінде Митрополит. 

Дін қызметкерінің айтуынша, шіркеу қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады. Алматыдағы Никольск шіркеуінде осындай іспен айналысатын топ бар. Оны Вячеслав Пугачев басқарады. Әрбір епархияда көмек көрсететін топтар бар, сондай-ақ баспанасыздарды паналататын орын құру қарастырылуда.

Рождества мерекесінің басты діни рәсімі - мерекелік литургия. Ол көнеден келе жатқан дәстүр бойынша түнде жасалады. Алматыдағы Вознесенский кафедральдық соборында құлшылық рәсімі 6 қаңтарда сағат 23:00-де басталады әрі ол түні бойы жалғасады. Таңғы құлшылық 7 қаңтарда сағат 9-да Қазақстандағы барлық шіркеулерде жүргізіледі.