Mitsubishi Қытайдағы 51 мың автомобилін қайтарып алады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Mitsubishi Motors корпорациясы  көлік тешегішіндегі ақауға байланысты қытайлық нарықтағы 51,5 мың автомобилін қайтарып алады, деп хабарлайды ТАСС.

Mitsubishi Қытайдағы 51 мың автомобилін қайтарып алады

ҚХР Сапаны бақылау, тексеру және карантин  жөніндегі мемлекеттік басқарманың хабарлауынша, қайтарып алу 27 сәуірде басталады және  бұл 2012 жылғы қараша мен 2016 жылғы қаңтар аралығында елге импортталған Outlander моделіндегі автомобильдерге қатысты.

Mitsubishi диллерлері сәйкес машиналарды тексеруге және ақау табылған жағдайда жөндеуге міндеттеледі.