Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Миына бес сантиметр шеге кірген қытайлық аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылыс жұмыстары кезінде басына бес сантиметр шеге кірген қытайлық Хубэй  провинциясының тұрғыны  аман қалды, деп хабарлады  China News Service агенттігі. 

Миына бес сантиметр шеге кірген қытайлық аман қалды

 12 сәуірде Цзыгуй уезіндегі ауылдардың бірінде болған бұл оқиға  жазатайым жағдай салдарынан болғаны хабарланады.  Ер адам уездегі ауруханаға, кейіннен Ичан қаласының ауруханасына жеткізілді.

Бейсенбіде аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Чжао Дунган ер адамның басына бес сантиметр кірген шегенің ұзындығы 8 сантиметр екенін хабарлады. Хирург түсіндіргендей, ер адамды ауруханаға әкелген сәтте ол  ес-түссіз болған.

Шеге өмірлік маңызды қан тамырларын зақымдамаған. Оның күрделі болуы салдарынан дәрігерлер шегені науқастың қауіпсіздігі үшін сүйек тінінің бөлігімен қоса алуды жөн санаған. Ота екі сағатқа созылып, сәтті аяқталды.

Қазір ер адам ауруханада ем алуда.