Мизамшуақ қайтып оралды, тек елдің батысында жаңбыр жауып, жел соғады - 10 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 10 қазанда Қазақстаннның басым бөлігінде антициклонның ықпалы сақталады, тек елдің батысында ғана жаңбыр жауып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
None
None

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей аймақтарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында жекелеген жерлерде тұман түседі.

Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен батысының бірқатар жерлерінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алдағы тәулікте Сырдария өзенінде су деңгейінің төмендеуі жалғасады.

Соңғы жаңалықтар