МҚК Минскідегі лаңкестік себептеріне қатысты үш болжам жасады
МИНСК. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - 11 сәуір күні Минскінің метросында болған қайғылы оқиғаға байланысты Беларусь астанасында бүгін жарылыс кезінде қаза тапқандарға арналып Қасірет күні жарияланды.
Минскінің ғимараттарындағы қара жолақ байланған мемлекеттік тулар жартылай түсірілген.
Жергілікті БАҚ өкілдері хабарлап отырғандай, Беларусь МҚК Минскідегі лаңкестікке қатысты үш болжамды алға тартып отыр. Арнайы қызметтердің хабарлауынша, ол жағдайды тұрақсыздандыру, экстремистердің кегі немесе денсаулығында кемістік бар адамның әрекеті болуы ықтимал.
Сарапшылар жарылғыш құрылғының түрін де анықтады, ол радиобасқарылатын құрылғы болып шықты. Сонымен қатар қазіргі күні алғашқы ұсталғандар да бар, күдікті ретінде бір адам анықталды, оның сыбайластары да болуы мүмкін.