МКК Ресей шекарасындағы жүк көлігінің кептелісі жайлы: Жүктің құжаттар пакеті сай болуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Маштаково автомобиль өткізу пунктінде 365 жүк көлігі тізіліп тұр, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

«21 мамырдағы жағдай бойынша Ресейдің Маштаково автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясының аумағында 365 жүк көлігі тізіліп тұр . Осыған орай, Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық тасымалдаушыларға жолға шығар алдында Ресей Федерациясымен шекарадағы қозғалыс бағытын алдын ала түзетуге кеңес берді» делінген хабарламада.

Айта кету керек, Ресей Федерациясының «Маштаково» автомобиль өткізу пунктінде жүгі бар автомобиль көліктеріне қатысты толық тексеру үшін міндетті түрде технологиялық өту қажет. Технологиялық өту болмаған жағдайда Ресей Федерациясының Шекара қызметі автомобиль көліктерінің жүгін түсіріп тексереді, бұған көп уақыт кетеді.

«Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Шекара қызметінің қызметкерлері келесі құжаттардың болуы үшін жүгі бар автомобиль көліктеріне қатысты тексеру шараларын жүргізуде: көлік құралына сақтандыру полисі, жүргізуші карталары, сертификаттар.​ Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «СЫРЫМ« және Ресей Федерациясының «МАШТАКОВО« автомобиль өткізу пункті арқылы кедергісіз өту үшін жүк көлік құралдарын шекаралық бақылауды жүзеге асыру жағдайларын қамтамасыз ету үшін Технологиялық өткелдерді жабдықтау шарттарын сақтау қажет, сондай-ақ тоқтап қалуды болдырмау үшін халықаралық тасымалдаушыларға көлік құралдарын тиеу жөніндегі ұсынымдарды және автомобиль көлік құралдары мен тасымалданатын жүктерге тиісті құжаттар пакетінің болуын сақтау қажет.

Шығар алдында СЭҚ қатысушыларына Ресей Федерациясымен шекарадағы қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді ұсынамыз» деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде штаттық режимде жұмыс жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар