ММА бәсекесінде ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ММА, панкратион және грепплинг ұлттық федерациясы Астанада 6-7 қазан күндері өтетін WMMAA нұсқасы бойынша V әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ММА бәсекесінде ел намысын кімдер қорғайды

ММА-дан әлем чемпионатында  Қазақстан атынан 10 спортшысы, оның ішінде екі әйел 8 ер адам сынға түседі.

Олар:

Әйелдер арасында:

52.2 келі:

Зарина Кадырбаева

61.2 келі:

Мария Агапова

Ерлер арасында:

56.7 келі:

Санжар Әділов

61.2 келі:

Абылай Төлеш

65.8 келі:

Денис Муцник

70.3 келі:

Алтынбек Бақтыгелдинов

77 келі:

Темірлан Ықсанғалиев

84 келі:

Еркiнбек Інжел

93 келі:

Мәди Райхан

+93 келі:

Әлімжан Сүлейманов

Жалпы Астанада өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 30 мемлекетінен 150-ден астам әуесқой спортшы өнер көрсетеді. 2016 жылы бұл дода Макао қаласында өткен болатын.

Айта кетейік, ММА бойынша V әлем чемпионаты ММА, панкратион және грепплинг ұлттық федерациясы, Астана қаласы әкімдігі, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен ұйымдастырылып отыр.