ММА бойынша Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-2 мамыр күндері Атырау қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы ММА бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Оқ бойы озық шыққан спортшылар Азия мен Әлем чемпионаттарында өнер көрсететін болады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі
None
None

Биылғы чемпионатқа 13 облыстан 116 спортшы қатысты. Жанкүйерлер екі күн бойы жекпе-жек шеберлерінің өнерін тамашалады. Халықтың көп жиналғаны сонша, «Атырау» спорт кешенінде ине шаншар жер болмады. Чемпионатқа әлемнің 25 чемпионын дайындап шығарған танымал ресейлік бапкер, UFC-дің жарқын жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі - Абдулманап Нурмагомедов те келді.

1

«Қазақстан чемпионатының жоғары деңгейде өтіп жатқаны қуантады. ММА-да өнер көрсетіп жүрген қазақстандық жекпе-жек шеберлерінің дайындығы да жыл сайын өсіп келеді. Мен өзім Сағындық Мекеевті жақсы танимын. Оның жігіттері бұрыннан бері Дағыстанға келіп, жаттығып тұрады. Осы жолы маған 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Әділовтің дайындығы қатты ұнады. Мен Дағыстанда өткен оқу-жаттығуларда байқап қалғанмын. Меніңше, ол тыңғылықты дайындығын жалғастыра берсе, кәсіби спортшы ретінде біраз жетістіктерге жетеді», - дейді Абдулманап Нурмагомедов.

2

Бұдан бөлек, «Алаш-Прайд» клубының президенті Данияр Қасқарауов пен ҚР Джиу-джитсу қауымдастығының вице-президенті Әшім Қали чемпионаттың құрметті қонағы болды.

Биылғы чемпионаттың жеңімпаздары: әйелдер арасындағы бәсекелерде 52 келі салмақта Зарина Қадырбаева (Қостанай облысы) топ жарса, 61 келіде Мария Агапова (Павлодар облысы) жеңімпаз атанды.

Ал ерлер арасындағы жарыстарда
56,7 келіде - Санжар Әділов (Қарағанды облысы)
61 келі - Абылай Төлеш (Атырау облысы)
65,8 келі - Денис Муцнек (Алматы облысы)
70,3 келі - Ералы Адыров (Манғыстау облысы)
77,1 келі - Айбек Бөлекбаев (Атырау облысы)
84 келі- Мансұр Шахгиреев (Акмола облысы)
93 келі - Райхан Мади Райхан (Шығыс Қазақстан облысы), сондай-ақ +93 келі салмақта Александр Астапов (Костанай облысы) жеңіс тұғырынан көрінді.

Биылғы чемпионаттың барлық жеңімпаздары 19-21 мамыр күндері Қырғызстанның Ош қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

3 4 5 6 

Соңғы жаңалықтар