ММА бойынша ресейлік спортшы сәлемдесу кезінде қарсылысын нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен WBK 22 турнирінің аясында аралас стильдегі ресейлік спортшы (ММА) Ибрагим Халилов қарсыласы өзбекстандық Бахтияр Баротовты нокаутқа түсірді, деп жазады Лента.ру.

ММА бойынша ресейлік спортшы  сәлемдесу кезінде қарсылысын нокаутқа жіберді

Айқастың бейнатаспасын Caposa атты қолданушы Twitter-ге жариялады.

Алғашқы раундта қарсыластар MMA жекпе-жегінің ережесі бойынша дәстүрлі қолғап сермесіп, сәлемдесті. Баротовқа сол қолын тигізгесін, Халилов қарсыласының басынан оң қолымен қатты соққы тигізді. Айқас үш секундқа жалғасты.