ММА чемпиондары қазақстандық Анджелина Джолиге сәттілік тіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін елордада басталған қыздар арасындағы бокстан ел чемпионатында 64 келі салмақ дәрежесінде Қазақстанның талантты боксшыларының бірі Зарина Цолоева шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ММА чемпиондары қазақстандық Анджелина Джолиге сәттілік тіледі

ММА-дан Қазақстан чемпионы Варвара Полторанина,  ММА-дан Қазақстан чемпионы Ерназ Мұсабек және ММА-дан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы Исмаил Героев Инстаграмдағы өздерінің парақшалары арқылы Заринаға ел біріншілігінде сәттілік тілеп, видеоүндеу жолдады .

ММА бойынша танымал кәсіби спортшы Сергей Морозов та Заринаның жеңіске жетуіне тілекші екендігін білдірді .

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Цолоева 2014 жылы бокстан Қазақстан чемпионы атанса, 2016 жылы қола медаль иеленген еді. Ол спорт жанкүйерлері арасында өзінің бет-әлпетінің голливудтық жұлдыз Анджелина Джолиге ұқсастығымен есте қалған болатын.

3

2