ММА экс-чемпионы Конор Макгрегор жүргізуші куәлігінен айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор күнделікті жағдайларда да үнемі ұрыс-керіске тап болып жүреді. Кезекті оқиға өз көлігімен саяхаттау кезінде болған.

ММА экс-чемпионы Конор Макгрегор жүргізуші куәлігінен айырылды

Ирландиядағы құқық қорғаушылардың хабарламасы бойынша, Макгрегор Range Rover автомобилімен 100 км/сағатқа дейін рұқсат етілген жол учаскесінде 154 км/сағат жылдамдықпен жүйткіген. Бұл спортшының жол ережесін бұзған алғашқы оқиғасы емес, деп хабарлайды BJ Penn.

Полицияның шыдамы таусылып, Конорға 1000 еуро айыппұл салған және жүргізуші куәлігін жарты жылға алып қойған.