MMA: Қазақстан мен Өзбекстан спортшыларының жекпе-жегі 53 секундта аяқталды

КАРА-БАЛТА. ҚазАқпарат – 28 жастағы қазақстандық спортшы Даниил Коцарев Кара-Балтада өтіп жатқан (Қырғызстан) EFC Global 33 аралас жекпе-жек турнирінде күш сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

MMA: Қазақстан мен Өзбекстан спортшыларының жекпе-жегі 53 секундта аяқталды
Видеодан алынған кадр: sports.kz

Қазақстандықтың қарсыласы 30 жастағы Өзбекстан спортшысы Улугбек Икашев болды.

Жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) жекпе-жек 3 раундқа жоспарланған, бірақ соңына дейін созылған жоқ. Себебі, ол 53-секундта аяқталды.

Икашев қарсыласын торға тақап, соққыларын жаудырды. Реферидің араласуына тура келіп, айқас тоқтатылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 жастағы қазақстандық спортшы Олжас Ерланов Кара-Балтадағы EFC Global 33 аралас жекпе-жек турнирінде нокаутпен дебют жасады.