01:22, 01 Сәуір 2022 | GMT +5
ММА: қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерланды астанасы Амстердамда 54 елдің өкілдері бақ сынаған ММА бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы GAMMA әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның айтуынша, Қазақстан құрамасына облыстан екі спортшы енді. 56 келі салмақта Ерназ Мұсабек чемпион атанды. Ол барлық айқастарында қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
52 келі салмақта Томирис Жүсіпова, күміс жүлдені еншіледі.
Ақмола облысының жекпе-жек өнері қауымдастығының бас директоры Жаслан Жантасов атап өткендей, ММА бойынша Қазақстан құрамасы жеңіске жетті –а 17 медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.