MMA: Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM – Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Нұртілеу Өтеген Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалында өнер көрсетті.

Нұртілеу Өтеген
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, спортшы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін айқасқа шықты.

Ақтық сында отандасымыз Амирмахди Вазифехпен (Иран) кездесті. Жекпе-жек өте тартысты өтті. Жеңімпаз тек овертаймда анықталды. Амирмахди қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп, алтын медальға ие болды.

Осылайша, Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер Азиадасын күміс медальмен аяқтады.

Бұған дейін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Иманғали Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанғанын жазған едік.

Қазақстандық спортшы таеквондодан әлем чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алды.

Санжар Қартай аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар