00:01, 17 Қыркүйек 2017 | GMT +5
ММА шебері Қайрат Ахметов Индонезияда жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ережесіз жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (20-1) Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан ONE Championship кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
![None None](/static/img/plug.webp)
Басты жекпе-жекте ол филиппиндік Джехе Эустакионы (9-5) тізе бүктірді. Үшраундтық форматта өткен айқас Ахметовтің пайдасына шешілді.
Осылайша, Қайрат кәсіпқой мансабындағы 21-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Эустакио үшін бұл алтыншы жеңілісі болды.