22:46, 21 Маусым 2018 | GMT +5
ММА шебері Қайрат «Kazakh» Ахметов шілдеде малайзиялық спортшымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ММА шебері Қайрат «Kazakh» Ахметов (26-2) шілде айында Малайзия астанасы Куала-Лумпурде One Championship турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Инстаграмдағы kaz_fighters парақшасына сілтеме жасап.
Ахметовтың қарсыласы малайзиялық ережесіз жекпе-жек шебері Джианни Субба (9-3). Жекпе-жек 13 шілдеде өтеді.
Айта кетейік, қаңтар айында Манилада Қайрат «Kazakh» Ахметов ең жеңіл салмақта One FС уақытша чемпион атағы үшін филиппиндік Джехе Эустакиомен болған кездесуде жеңіліп қалған болатын.