ММА спортшысы қарсыласын ұрып жығудан бас тартып, жеңіс сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ММА ережелері бойынша әуесқойлар арасындағы жекпе-жекте ерекше оқиға орын алды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Колледж студенті Майк Пантанго Джереми Рэснермен жекпе-жекте сөзсіз жеңіске жетіп тұрған еді. Пантанго бірнеше минут бойы қарсыласын ауыр соққылардың астына алып, тіпті есеңгіретіп те тастаған болатын. Алайда ол кенеттен рингті ұрып, өзінің жеңілгендігін білдірді.
Осы оқиғадан кейін ММА әлемінде спортшының бұл әрекетінің дұрыс-бұрыстығына қатысты пікірталас қызып сала берді. Біреулердің айтуынша, бұл спорт түрінде аяушылық жоқ, қарсыласыңды нокаутқа жіберуің қажет. Ал екінші тарап Пантанго әрекетін нағыз азаматтыққа балап, спортшының кәсіби рингтегі болашағын зор санауда.