ММХҚИ ректоры: Қазақстанның ұлтаралық келісімінің бірегей тәжірибесін басқа елдерде қолдануға болады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ұлтаралық келісім барлық ұлыстар мен мәдениеттер өкілдерінің дамуына мүмкіндік беретін бірегей құбылыс. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен «Қазақстандық жол»: тұрақтылық пен орнықты даму факторлары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның аясында «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында беделді жоғары оқу орны - Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкунов осындай пікір білдірді.

ММХҚИ ректоры: Қазақстанның ұлтаралық келісімінің бірегей тәжірибесін басқа елдерде қолдануға болады

«Қазақстандық тәжірибені басқа елдерде қолдану өте маңызды болып табылады», - деп есептейді ММХҚИ ректоры.

А.Торкуновтың айтуынша, дамудың заманауи жолына түскен Қазақстан орнықты тұрақтылықты сақтап, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін жүйені құрай алды.

Оның пікірінше, Президентінің беделі арқасында Қазақстан бүгінде халықаралық саяси және экономикалық қатынастарда маңызды орынға ие. Ол сондай-ақ, біздің елімізде оның табысты болашағының кепілі болып табылатын зияткерлік және білімді элитаның қалыптасқанын атап өтті.