MNU республикалық олимпиада жеңімпазына оқу грантын сыйлайды

М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Maqsut Narikbayev University 11 және 12 сынып оқушыларына, колледж түлектері мен магистратура бағдарламаларына түсетін үміткерлерге арналған M. Narikbayev Scholarship атты республикалық олимпиадасының басталғаны туралы хабарлады. Олимпиада үш кезеңнен тұрады және дарынды талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары бойынша оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік сыйлап отыр. 

Бакалавриат үшін M. Narikbayev Scholarship олимпиадасының кезеңдері:

1. Тіркелу және мотивациялық хат – бұл олимпиадаға қатысудың алғашқы қадамы, онда қатысушылар осы университетте білім алуға деген қызығушылығы мен мақсаттары туралы таныстыру керек.

2. Тестілеу – USTUDY Аймақтық тестілеу орталықтарында офлайн форматта өткізіледі және қатысушылардан бейіндік пәндер бойынша білімдерін көрсету талап етіледі.

3. Сұхбаттасу – үміткерлер өздерінің жеке қасиеттерін және таңдалған бағдарлама бойынша оқуға деген ынтасын айқындай алатын соңғы кезең.

M. Narikbayev Scholarship үміткерлері қабылдау комиссиясына таңдалған білім беру бағдарламасының шекті балдарына сәйкес келетін ҰБТ сертификатын, шет тілін білу деңгейін растайтын сертификатты ұсынуы керек. Сонымен қатар Жоғары құқық мектебінің бағдарламалары үшін Qaztest нәтижелерін және белгіленген талаптарға сәйкес мотивациялық эссе жазуы қажет.

Магистратураға арналған M. Narikbayev Scholarship олимпиадасының кезеңдері: 

1. Тіркелу: жеке куәлікті, университетті бітіргені туралы дипломды немесе оқу орнынан анықтаманы, түйіндемені жүктеу қажет. 

2. Study plan және мотивациялық хат жазу керек.

3. Соңғы кезең – сұхбат. Сұхбаттасу университеттің жоғары мектептерінің өкілдерімен өткізіледі.

M. Narikbayev стипендиясына үміткерлер қабылдау комиссиясына толық кешенді тестілеуден өткені туралы сертификат өткізуі қажет. Бұл сертификат қолданыстағы қабылдау талаптарына сәйкес таңдалған білім беру бағдарламасы үшін белгіленген шекті балға сәйкес келуі тиіс. 

Олимпиадаға қатысу шарттары туралы толығырақ: https://lp.mnu.kz/olympiad

Соңғы жаңалықтар