Мобильдік операторлар өз сайттарын мемлекеттік тілде қалай жүргізуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұртшылықтың назары қазақстандық ұялы байланыс операторларының «жарнама шайқасына» аударылмай тұрып, ұялы байланыс компанияларының қазақ тіліндегі жарнамалық өнімдеріне қатысты ескертулер аз болған жоқ. Ұялы байланыс операторларының тіл туралы заңды сақтаудағы тағы бір аспектісіне - компаниялардың корпоративтік сайттарына талдау жасауды жөн санадық.
«Қазақтелеком» - ұлттық телекоммуникация операторы тіл туралы заңның талаптарын 100 пайыз орындайды. Себебі, ол 100 пайыз мемлекетке тиесілі, оның корпоративтік құжаттары қызмет саласындағы уәкілетті органдармен келісілуі тиіс. Алайда оның еншілес компаниясы - «Алтел» АҚ-ның мемлекеттік тілдегі сайт нұсқасында «Компания жайында» бөлімінің атауы неліктен екені белгісіз, парақшадан парақшаға өткенде «Компания туралы» деп өзгеріп кетеді.
Басқарма төрағасының дербес блогындағы парақшада оның кіріспе сөзі - орыс тілінде. Сол бөлімде «Лицензиялар» парақшасында лицензиялар мен оған қойылған қолтаңба орыс тілінде. «Серіктестерге» парақшасында Қазақстанның Даму банкінің 4G ғаламтор жүйесіне қолжетімділікті енгізу бойынша жобаны қаржыландыру туралы ақпараты орыс тілінде берілген «Серіктестерге» парақшасының атауы парақшаның тақырыбында ғана оған өткенде көрсетілген. Мәзірде қазақша нұсқада бұл бөлім «Партнеры» деп аталады (мағынасы сәйкес келмейді: серіктестерге - партнерам) Айтқандай, «Ескі нұсқа» (старая версия) сілтемесіне өткенде сайттың ескі нұсқасы орыс тілінде ашылады. Beeline мобильдік байланыс операторының сайтында басты бет - мемлекеттік тілде. Алайда «Компания туралы» бөлімде Парақшаның төменгі жағында толықтай орыс тіліндегі деректермен «Юридический адрес» азат жолы тұр. Қазақ тіліндегі «Интернет дүкен» мәзірі бөліміне кіргенде жаңа терезеде «Выбор номеров Beeline» беті пайда болады, ол толықтай орыс тілінде. (https://nomer.beeline.kz/).