Модель дене сымбатын сақтап қалудағы тамақтану құпиясымен бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көптеген оқырман модельдердің күнделікті өмірін қатаң диета ұстайды, әдеттегі тағамдардан бас тартып үнемі спортпен айналысады деп ойлайды. Танымал эстониялық модель Екатерина Булгарина осыны жоққа шығарды, деп жазады delfi.ee.

Модель дене сымбатын сақтап қалудағы тамақтану құпиясымен бөлісті

«Диетада отырудың мүлдем қажеті жоқ, тек қана үйлестірілген тағам жоспарын құрып, күнделікті ағзамызға қанша калорий, ақуыз, май және көмірсулардың қажет екенін анықтау керек. Осыдан кейін ағзаға пайдалы тағамдарды қабылдау уақытын реттеу керек. Сонымен бірге, ас қорытуға пайдалы көкөністерді жиі пайдаланған жөн. Және ең бастысы ағзаға судың қажеттілігі», - деді модель.