Модильянидің 8,3 млн. фунт тұратын картинасы Christie's бәссаудасының топ-лотына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Christie's бәссаудасындағы импрессионизм және модернизм шығармаларынының кешкі саудасы 25 миллион фунт пайда түсірді, онда Амедео Модильянидің қылқаламынан шыққан портрет топ-лотқа айналды, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Модильянидің досының әйелі Ханка (немесе Анна) Зборовскиді және қамқоршысы Леопольд Зборовскиді бейнелеген жұмысы 8,3 миллион долларға сатылды.

Василий Кандинскийдің үш жұмысы тиісінше 1,8 миллион, 1,3 миллион және 1,25 миллион фунтқа сатылды.

Марк Шагалдың «Кішкентай флейташы» картинасы 1,4 миллион долларға өтіп кетті.

Топ-лоттан үміттенген Клод Моненің, Пабло Пикассоның бірнеше жұмыстарын сатып алушы табылмады. 

Соңғы жаңалықтар