Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Могерини Братислав саммитінде ЕО азаматтық және әскери операциялары бойынша штаб пәтер құруды ұсынады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Азаматтық және әскери операциялар бойынша штаб пәтер құру - қауіпсіздік пен қорғаныстың жалпы саясаты басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл туралы ЕО шетел істері және саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини бейсенбіде итальяндық La Repubblica журналына берген сұхбатында хабарлады.

Могерини Братислав саммитінде ЕО азаматтық және әскери операциялары бойынша штаб пәтер құруды ұсынады

16 қыркүйекте Братиславта өтетін саммитте Еуропа одағы мемлекеттерінің басшыларына ұсынуға ниетті ұсыныстары туралы басылымның сұрақтарына жауап берген Могерини төрт басымдық жайында айтты, оның ішінде Брюссельде «барлық азаматтық және әскери операцияларды басқаруға» жауапты штаб-пәтер құру да бар.

 «Бұл штаб айналасында қорғаныстың жалпы құрылымы салынатын өзек болмақ», - деп атап өтті ол.

Басқа ұсыныстар ішінде қазірде бар, бірақ бұдан бұрын жауынгерлік жағдайда қолданылмаған біріктірілген ұлттық батальондар пайдалануды атады.