Могерини: Еуроодақ пен АҚШ бірге жұмыс істеуді жалғастырады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуроодақ пен АҚШ бірге жұмыс істеуді жалғастырады, өйткені Еуропаның Құрама Штаттармен байланысы саясаттағы өзгерістерден терең.
Бұл туралы өзінің Twitter-інде ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини айтты, деп хабарлады Брюссельдегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Саясаттағы кез келген өзгерістерден ЕО мен АҚШ-тың байланысы терең. Біз Еуропаның күшін қайта жаңғыртып, бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз», - деп жазды еуропалық дипломатия басшысы.