Могулшы Анастасия Городко Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді

БІШКЕК. KAZINFORM – Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Қытайдың Бэйдайхэ қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтыншы орын талды.

Анастасия Городко
Фото: ҚР ҰОК

Спортшы жарысты алтыншы орынмен аяқтады. 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева сегізінші орынға ие болды.

Ерлер арасында Павел Колмаков оныншы болып мәре сызығын кесті, Фёдор Бугаков – 40-орын, Антон Бондарев – 42-орын алды.

Айта кетейік, 22 ақпанда параллель могул жарыстары өтеді.

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогыгың кезеңінде күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар