23:55, 03 Шілде 2024 | GMT +5
Мохаммад Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
АСТАНА. KAZINFORM — Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстан астанасына келді. Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мохаммад Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
«Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде ұйымға кіруі нақты рәсімделді. Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды», — делінген хабарламада.


