18:55, 19 Тамыз 2010 | GMT +5
Мохаммед Әлидің соққысына ие ежелгі құс
АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Американдық ғалымдар компьютерлік технологиялардың көмегімен баяғыда құрып кеткен орасан қуатты тұмсыққа ие фороракос құсының образын жасап шығаруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Мамандардың пікірінше, ұша алмайтын алып құстың аңшылық стратегиясы Мохаммед Әлидің бокстағы әдіс-айлаларын еске салады. Ол құс өзінің жемтігіне шабуылдау кезінде, оған өзінің тұмсығымен бірнеше дүркін соққы жасап, оны есеңгіретіп алып, ажал құштырады екен.