Молдағұлова көшесіндегі пәтерден 1 млн 200 мың доллар салынған сейфті ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің шығысындағы кәсіпкер әйелдің пәтерінен ақша толы сейф ұрланды.

Молдағұлова көшесіндегі пәтерден 1 млн 200 мың доллар салынған сейфті ұрлап кетті

«Москва» агенттігінің құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, кеше кешкісін полицияға 46 жастағы әйел шағым түсірген. Оның сөзіне қарағанда, ұрылар Молдағұлова көшесіндегі пәтерінен 1,2 миллион доллары бар сейфін, 10 мың рубль тұратын компьютерін және үш видеокамерасын қолды қылған.

Осы факті бойынша полиция РФ Қылмыстық кодексінің 185-бабымен («Ұрлық») қылмыстық іс қозғады.