Молдаван бизнесмені Қазақстаннан 5 млрд. АҚШ долларын өндіруге тырысып бақты

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Молдаван бизнесмені Анатолий Стати мен оның ұлы Габриэль Стати Қазақстаннан 5 млрд. АҚШ долларын өндіруге тырысып бағуда.

Молдаван бизнесмені Қазақстаннан 5 млрд. АҚШ долларын өндіруге тырысып бақты

ҚР Әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Энергетикалық хартия шарты ережелері негізінде Стокгольм сауда палатасы Төрелік институтының ережелері бойынша Қазақстан Республикасына қарсы Анатолий Стати, Габриель Стати, Ascom Group S.A. және Terra Raf Trans Traiding Ltd. компанияларының талабымен Төрелік трибунал шешім шығарды.

Талап етудің алғашқы сомасы 5 миллиард АҚШ долларын құрады. Төрелік трибунал 2013 жылғы 19 желтоқсандағы шешімінде Қазақстан Республикасының негізгі дәлелін қолдады және талапкерлердің 497 685 101 АҚШ доллар сомаға талаптарын қанағаттандырып, 4,5 миллиард АҚШ доллар сомаға талап етулерден бас тартты.

«Алайда, Қазақстан Республикасы өзінің іс әрекетінің заңдылығынан қайтпай, осы шешіммен келіспейді және жақын арада шағымданады», - делінген хабарламада.

Стати отбасы Қазақстан молдаван инвестициясына қатысты Энергетикалық хартия шартын бұзды деп отыр.