Молдавия президентіне экс-үміткер үй-күйсіз қалды

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Молдавия президентіне экс-үміткер, Сьерра-Леонеден шыққан Джон Оноже үй-күйсіз қалды, деп хабарлады Утро.ру.

Молдавия президентіне экс-үміткер үй-күйсіз қалды

Ол өзінің мүлік-мүкамалдарымен республика үкіметінің ғимаратына жайғасып алды және өкімет орындарынан үй беруін талап етуде. Бұл туралы жергілікті БАҚ мәлім еткен.

Оноже журналистерге Молдавияда көптен бері тұрса да, тұрақты баспанаға зар болып отырғанын шағымданған. «Мен жалдамалы пәтерлердің бірінен екіншісіне көше-көше шаршадым, екі-үш ай тұрғаннан кейін пәтер қожайындары қуып шығады», - деді президенттікке экс-үміткер.