Молдавия үкіметі отставкаға кетті
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Премьер-министр Зинаида Гречаная Молдавия үкіметінің сәрсенбі күні отставкаға кеткенін мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Отставканың себебі - қазіргі үкіметке сенім білдірген парламент мандаты мерзімінің бітуі, сондай-ақ жаңа парламентті сайлау. Отставканың бұл рәсімі ел Конституциясында және «Үкімет туралы» заңнамада көзделген.