Молдавияда сайлау кезінде елді арандатпақ болды деген күдікпен 5 адам қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдавияда елдегі парламент сайлауы қарсаңында дау шықты. Кишинев қаласында сайлау кезінде жағдайды ушықтырып, қоғамды арандатпақ болды, деген күдікпен 5 адам қамауға алынды, деп хабарлады dw.de
None
None

«Полиция 30 қарашада болатын парламент сайлауы кезінде қоғамдағы тұрақтылықты бұзбақ болды деген күдікпен 5 адамды ұстады. Осыған байланысты 15 пәтерді тінту кезінде Молдава, Ресей, тағы басқа да елдердің валютасындағы ірі сомада қаражат тәркіленді», - деді Кишинев қаласының прокуроры Виорел Морарь. Мұндай қауіп туралы Молдавия полициясының Бас инспектораты бастығының орынбасары Георгий Квакалюк та мәлімдеме жасап, сайлауда арандатушылық жасауға дайындық жүргенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар