Мөлдір Әуелбекова қазір немен айналысып жүргенін айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мөлдір Әуелбекова жас таланттарға қолғабыс етуде.

Әнші бұл іспен өзінің кеңпейілділігінен тегін айналысып жатқан көрінеді.

«Жуырда жаңа әніміз шығады. Ол бір ер азаматпен дуэт болмақ. Есімі белгілі болмаса да, өте талантты. Меніңше, жас таланттар қолғабысқа зәру. Сондықтан бұл оның дебюті болады. Айтқандай, оның есімі Ерсұлтан», - деді әнші Gakku.kz-ке берген сұхбатында.

Ерсұлтан есімді жігітті естіп қана қоймай, көруге де мүмкіндік тумақ. Себебі Әуелбекова әндеріне клип те түсіру жоспарланып жатқанын айтты.

«Келесі айда кірісуіміз мүмкін. Мен қазір Астанада тұратындықтан, түсірілімді сонда жасайтын шығармыз. Ән диалог түрінде болады. Сондықтан, оның атауын әлі ойластырғанымыз жоқ», - деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар