Молдова 2015 жылды Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жылы деп жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Молдова елінде 2015 жыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жылы деп жарияланды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Молдова 2015 жылды Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жылы деп жариялады

Сәйкес шешімді аталмыш елдің Коммунистер партиясының бастамасы бойынша ардагерлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттыру, оларға жан-жақты қолдау көрсету, көрсеткен ерліктері мен батырлығы үшін алғыс білдіру ретінде және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу бойынша шараларға дайындалу мақсатында республика парламентінің депутаттары қабылдады.

Жоба авторларының бірінің атап өтуінше, Еуропаға және бүкіл әлемге қазіргі бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлердің есімдерін құрметтеу - қазіргі ұрпақтың борышы.