Молдова байқаушылары Қазақстандағы сайлаудың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне тілектестіктерін білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова Молдова Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Светлана Гутумен кездесті.

 Молдова байқаушылары Қазақстандағы сайлаудың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне тілектестіктерін білдірді

«Адамдардың сайлауға дайын екендігі анық байқалады. Бәрі тыныш, өз қалпымен жүргізіліп жатыр. Бұдан кейінгі де күндердің тыныш өтетіндігіне сенімдімін. Мен барлық байқаушылар ризашылықпен аттануы үшін сайлаудың ашық әрі жоғары деңгейде өтуіне тілектеспін», - деді ол кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол қонақжайлық танытып, жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасаған Қазақстан тарабына ризашылығын білдірді.

«Бізді өте жақсы қарсы алды. ОСК қызметкерлері мен хатшылық бізге қажетті құжаттардың барлығын берді. Молдовадан келген біздің делегациямызда 2 адам бар», - деді С.Гуту.