Молдова Президенті Игорь Додон: Қазақстан экономиканың түрлі бағыттарында зор табысқа қол жеткізе алды
Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон жолдаған хатында: «Молдова халқының және жеке өзімнің атымнан ұлттық мерекелеріңіз - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде табиғи ресурстары мен адами әлеуеті мол Қазақстан ұлттық экономика мен әлеуметтік саланың түрлі бағыттарында зор табысқа қол жеткізе алды. Бұл қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, елдеріңіздің имиджін халықаралық деңгейде ілгерілетуге септігін тигізеді», - деп атап өткен.
Сонымен қатар, өздерінің жеделхаттарында Иордания Королі ІІ Абдалла, Швеция Королі Карл Густав, Оман Сұлтаны Кабус бен Саид, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Фу Чонг, Малайзия Жоғарғы билеушісінің орынбасары Сұлтан Назрин Муиззуддин Шах Қазақстан халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілейді.