11:26, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Молдова теледидары жаңа Парламентке эфирді ұсынудан бас тартты
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Молдавия қоғамдық теледидарының бірінші арнасы жаңа шақырылған Парламент депутаттарының басым даусымен қабылданған шешімге сай Парламент отырысынан тікелей хабар таратудан және «Парламент сағаты» хабары үшін эфирлік уақытты ұсынудан бас тартты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
«Телерадио-Молдова» қоғамдық компаниясы өзінің мәлімдемесінде Молдованың жаңа Парламентін қоғамдық теле-радио хабарларын таратудағы тәуелсіздігін бұзғаны үшін айыптаған.