Молдова үкіметі отставкаға кететін болды
КИШИНЭУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Молдова үкіметі толық құрамда отставкаға кететін болды. Премьер-министр Зинаида Гречаннаяның хабарлағанындай, бұл рәсім ел конституциясында және үкімет туралы заңнамада көзделген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Отставкаға кету себебі ? қазіргі Министрлер кабинеті мандатының аяқталуы және жаңа парламентті сайлау. Үкіметтің отставкаға кететіні туралы мәлімдеме ағымдағы жылғы сәуірдің 5-інде өткен сайлаудың қорытындысы бойынша қалыптастырылған Молдова парламентінің бірінші отырысында 2009 жылғы мамырдың 5-інде қаралады.Премьер-министр Гречанная төрағалық ететін Молдованың қазіргі Министрлер кабинеті парламенттің 2008 жылғы наурыздың 31-індегі шешімімен бекітілген болатын. Гречанная Молдованың Премьер-министрі лауазымын атқарған тұңғыш әйел болды.