Молдовада А (Н1N1) тұмауымен ауырғандардың саны 15 адамға жетті
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Молдовада А (Н1N1) тұмауын жұқтырудың тағы бір оқиғасы қуатталды, сөйтіп «доңыз тұмауымен» ауырғандардың жалпы саны 15 адамға жетті,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Тұмау вирусы Болгариядан сапармен оралғаннан кейін кеше ауруханаға түскен бойжеткеннің жақыны 48 жастағы әйелден анықталып отыр. Науқас ауруханаға жатқызылды, ал онымен қарым-қатынаста болған барлық адамдар - дәрігерлердің бақылауында.
Елде А (Н1N1) тұмауының алғашқы оқиғасының анықталғаны туралы Молдова Денсаулық сақтау министрлігі шілденің 30-ында хабарлаған болатын. Елдің Кеден қызметі А тұмауымен ауыру оқиғаларының көбеюіне байланысты шекарадағы барлық өткізу бекеттеріндегі бақылауды күшейтті. Жалпы, Молдовада қыркүйектің 29-ына дейін А (Н1N1) тұмауын жұқтыру күдігі туралы 107 оқиға тіркелген, бірақ оның 15-і ғана қуатталып отыр.