Молдовада елдің бұрынғы премьері қамауға алынған соң үкімет отставкаға жіберілді
Премьер-министр Валерий Стрелецтің кабинеті үш айға жуық уақыт бұрын құрылған. Парламенттің 101 мүшесінің 65-і оның отставкаға кетуін қолдап дауыс берді.
Таяуда Валерий Стрелец өз қызметінен кетпейтінін мәлімдеп, егер бұл әрекетке барса, бұл өзіне жемқорлыққа қатысы бар деп тағылған айыптарды мойындау болып саналатынын айтты, деп жазады Би-би-си.
«Мен ел тағдырына шынымен де алаңдап отырмын. Саясаткерлердің бір бөлігінің минималды тұрақтылықты қолдауға ниеті жоқ екенін көріп отырмын», - деді премьер парламент алдында сөйлеген соңғы сөзінде.
Өткен аптада Кишиневтағы сот Молдованың бұрынғы премьер-министрі Влад Филатты қамауға алу мерзімін 30 күнге ұзартты. Тергеу оның 1 млрд. долларға дейінгі сомаға банктік айла-шарғыларға қатыстылығын тергеу үстінде.
Молдова астанасында жемқорлық жасауда күдікті танылған шенеуніктерді жазаға тарту талаптары айтылған наразылық шараларының өткізіліп жүргеніне бір айдан астам уақыт өтті.