Молдовада министрліктердің тең жартысы қысқартылады
Молдова демократиялық партиясының (МДП) төрағасы Владимир Плахотнюк: «Бұл реформа үкіметтің тиімділігін арттырып, бюрократия мен жемқорлық деңгейін төмендетеді», - деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, ол премьер-министрден, МДП төрағасының орынбасары Павел Филиптен бұл реформаны таяу арада енгізуді талап етті.
Атап айтар болсақ, экономика және инфрақүрылым министрлігі құрылып, оның құрамына төрт министрлік: экономика, өңірлік даму және құрылыс, көлік және жол инфрақұрылымы, ақпарат және байланыс, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік агенттіктер кіреді.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау және әлеуметтік істер министрлігі бірігіп, оған ағарту, мәдениет, сондай-ақ жастар және спорт министрлігі кіреді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен экология министрлігін біріктіру жоспарлануда.
Реформаның тұжырымдамасына сәйкес, вице-премьерлер саны төртеуден үшеуге қысқарады. Сыртқы істер мен еуропалық интеграция, қорғаныс, ішкі істер, әділет және қаржы министрліктері өзгеріссіз қалады.