Молдовада президенттік сайлау қарашаның 10-да өтуі мүмкін

АСТАНА.  Қарашаның  3-і. ҚазАқпарат -   Молдовада президенттік сайлауды  қарашаның 10-на  белгілеу    жоспарлануда. 
None
None

Бұл туралы   республика парламентіндегі   дерек  көздер хабарлады.    Молдова мемлекетінің басшысын  сайлау күнін    парламент  депутаттар  бүгін,  қарашаның 3-де өтетін    мәжілістерінде    белгілейді,  деп хабарлайды   РБК агенттігі.

 Бұған дейін  сайлау   қазанның  23-не белгіленген  болатын,   бірақ  «президентті  сайлау  туралы заңнамадағы қайшылықтардың» салдарынан    дауыс беру кешірек    мерзімге ысырылған   еді. Молдова президенттігіне Еуропалық ықпалдастық    альянсы ұсынып отырған бір кандидат -   Демократиялық   партия   төрағасы,   парламенттің  бұрынғы спикері   Мариан   Лупу  тіркелді.

 Ал    оппозициядағы  Коммунистер  партиясы  өкілдері болса,     Молдовада балама   кандидатсыз     президенттік  сайлаудың өтетіндігіне  күмән келтіріп отыр.    Осыған  байланысты парламенттік  көпшілік      Молдова президентін сайлау   процедуралары  туралы  заңға   бір ғана кандидаттың  қатысуымен   президенттік сайлау  өткізуге  рұқсат беретін  түзетулерді      бекітті.

Соңғы жаңалықтар