Молдовадағы сайлаудың барысын ЕҚЫҰ-ның 230 мүшесі бақылайтын болады

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпрат - Қарашаның 28-інде Молдовада өтетін мерзімінен бұрынғы парламенттік сайлаудың барысын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 230-дан астам байқаушысы бақылайтын болады. Бұл туралы РБК агенттігі хабалады.

Молдовадағы  сайлаудың   барысын  ЕҚЫҰ-ның 230  мүшесі  бақылайтын  болады

Кишинэуде өткен баспасөз мәслихатында ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясының жетекшісі Питер Айкер мәлім еткендей, бүгіннен бастап республикада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясының 32 ұзақмерзімдік байқаушысы жұмысқа кірісті. Ал сайлау күні ЕҚЫҰ-ның 200 қысқамерзімдік байқаушысы мониторинг жүргізетін болады