Мона Лизаның "сүйегі" Италиядан табылды
АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Италияда Леонардо да Винчидің атақты «Мона Лизасында» бейнеленуі мүмкін әйелдің сүйегі табылды деп хабарлайды The Daily Mail.
Лиза Герардинидың сүйегі (Lisa Gherardini) Флоренциядағы қасиетті Урсула (Convent of Saint Ursula) шіркеуінің түбінен табылған. Археологтар табылған дененің дәл сол адамдікі екенін, әрі осы әйел бейнесі суретшінің даңқты картинасында бейнелегеніне толық сенімді.
Ғалымдардың айтуынша, Герардини бай жібек сатушы Франческо дель Джокондоға тұрмысқа шығып, Лиза дель Джоконда атанған. Күйеуінің өлімінен кейін Лиза шіркеуге кетіп, 1542 жылдың 15 маусымында 63 жасында қайтыс болған.
Герардинидің сүйектерін 2011 жылы іздеуді бастаған болатын. Ол уақытта археологтар әйел бас сүйегін, біраз уақыттан соң омыртқасы мен қабырға сүйектерін тапқан. Жақында ғана оның дене сүйегі толық табылды. Алдағы уақытта ДНК-сы тексеріліп, қорытындысы сәтті шықса, ғалымдар сүйек қалдықтарынан әйелдің бет-әлпетін қайта қалпына келтіріп, атақты да Винчидің «Мона Лизасымен»өзара салыстырып көрмек.
BAQ.KZ