Монако елінің әскерінен гөрі оркестрі көп

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Монаконың қолға қару алып, жауға қасқайып қарсы тұратын сарбазының саны 82 адам екен. Ал бұл елдің ұлттық оркес­трінің құрамында 85 адам бар.

Монако елінің әскерінен гөрі оркестрі көп

Монте-Карло филармониялық оркестрі - Монако князьдігінің басты оркестрі саналады. Бұл оркестр 1856 жылы ашылған кезде құ­ра­мында 15 музыкант болған. 150 жылдан астам тарихы бар оркестрге Артуро Тос­ка­ни­ни, Рихард Штраус, Игорь Маркевич, Леонард Бернстайн сынды атақты дири­жерлер жетекшілік еткен. Ал Монако елінің әскері қандай да бір қақтығыс бола қалған жағдайда француз әскеріне арқа сүйейді. Монаконың санаулы әскерін Ішкі істер департаменті басқарады. Монако сар­ба­зының міндеті - князьді қорғау, Монако-Вилледегі сарайды, князь атынан төрелік ететін сот органдарының мүшелерін кү­зе­ту, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.