«Монакода» ойнаған нигериялық «Астанаға» келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерия құрамасының жартылай қорғаушысы Аруна Лукман «Астана» командасымен келісім шартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады www.alaman.kz.

Ойыншыны Киевтің «Динамо» командасы  «Астанаға» жалға берген. Лукман осыған дейін франциялық «Монако», украиналық «Говерлы» және ресейлік «Анжи» клубында ойнаған. «Монако» сапында 44 матч өткізген. Футболшының құны шамамен 1,5 миллион долларды құрайды.

25 жастағы футболшы жастар арасындағы әлем және Африка чемпионы, Украина чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Нигерия құрамасында 8 ойын өткізген.

Соңғы жаңалықтар