20:58, 01 Қазан 2015 | GMT +5
Моңғол дзюдошысы Қазақстан үшін Гран-при кезеңінің қола медалін жеңіп алды (ФОТО)
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ең жеңіл салмақ дәрежесі - 48 келіге дейін салмақта шыққан Тегі Моңғол қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэгцэг Ташкенттегі Гран-при кезеңінде әйелдер арасында қола медаль жеңіп алды.
Галбадрах бірінші айналымда Израиль спортшысы Амели Розенюді ұтты. Бұдан кейін Галбадрах түрік спортшылары Эбра Шахин мен Дилара Локманхекимді жеңді.
Жартылай финалда Галбадрахты оның Моңғолиядан келген бұрынғы отандасы Мункхбат Уранцэгцэгпен кілемге шықты. Табан тірескен күресте Мункхбат жеңіске жетті.
«Қола» медаль үшін таласта қазақстандық дзюдошы израильдік Шира Ришониге қарсы шықты. Ришонимен белдесуде Галбадрах негізгі ойынның аяғына небәрі бір секунд қалғанда қарсыласынан жеңісті жұлып алып, қола жүлдегер атанды.