Моңғолия астанасында халықаралық марафон басталды

моңғолия
Фото: montsame.mn

ҰЛАНБАТЫР. KAZINFORM – Сенбі күні Моңғолия астанасында халықаралық «Ulaanbaatar Marathon 2024» басталды, деп хабарлайды Синьхуа.

Ұланбатырдағы марафонның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және халықты белсенді дене шынықтыру мен спортқа тарту, бұқаралық спортты дамыту, қашықтыққа жүгіруде спорттық жетістіктердің өсуін ынталандыру.

Бұл жолы марафонға 34 елден барлығы 20 451 адам қатысуда.

Жарысқа қатысушылар кәсіби марафон /42 шақырым/, жартылай марафон /21 шақырым/, әуесқойлар үшін 10 және 5 шақырымдық марафон, мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасылары үшін 1,5 шақырымдық марафондар жүгіреді.

«Ulaanbaatar Marathon 2024» жарысына қатысуға 20 мыңнан астам адам тіркелген.

Montsame агенттігінің хабарлауынша, марафонның бағыты өлшеніп, бекітілген, сонымен қатар жолдың басталу және аяқталу орындары, ауыз су нүктелері, медициналық қызмет көрсету және маршрут бойындағы қызметтер көрсетіледі. Бағыт бойынша 310 пунктте 450 полиция қызметкері қызмет көрсетеді.

«Ulaanbaatar Marathon 2024» байқауына тіркелу екі ай бойы жалғасқан. Азаматтардың өтініші бойынша 5 шақырымдық жарысқа қатысушыларды тіркеу үш күнге ұзартылып, 24 мамыр күні сағат 17:00-де аяқталаған.

Соңғы жаңалықтар