Моңғолия билігі өңір тұрғындарының астанаға көшуіне тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияның Министрлер кабинетінің мәжілісінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тұрғындардың ел астанасына көшуіне тыйым салынды. Астанаға тек медициналық көмек алу, мемлекеттік қызметкерлердің астанаға қызметтік іссапары және Ұлан Батырдан баспана алу мақсатында ғана келуге рұқсат етіледі, деп жазады МОНЦАМЭ. 
None
None

Моңғолия астанасына тұрғындар санының шектен тыс көп артуының салдарынан қала тұрғындарының таза, қауіпсіз ортада өмір сүруге деген құқықтары бұзылып келеді. Сонымен қатар қалада ауа ластанып, тиісі нормадан он есе артып кеткен. Көлік кептелістері де үлкен мәселеге айналған. Осыған байланысты Ұлан Батыр қаласының мэрі С.Батболд 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін астанаға көшіп көлуге тыйым салу қажет деп шешкен.

Статистикалық мәліметтер бойынша, 2017 жылдың қараша айына дейін астанаға тұрақты тұру үшін 9500 адам көшіп келген. Бұл алдындағы жылмен салыстырғанд 11 мың адамға көп.

Министрлер кабинеті ел президентінің бастамасын қолдап отыр.

Соңғы жаңалықтар